Әнші шофер

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1960
Құстай қомдап шофер жігіт иығын,
Әнге қосты даланың жез киігін.
Алдына алып тербеткендей болды бір
Сырымбеттің бұлт жетпейтін биігін.
Сағыныштың тербегендей мұң-легін,
Сиқыр саусақ басты сырнай тілдерін.
Мақпал дауыс маужыратты даланы,
Қандай әсем,
Қандай сазды түндегі үн!
Назды мұңға,
Сазды жырға бөлеп бір,
Орны бүгін сол әншінің бөлек тұр.
Туған жердің тынбай кезген даласын,
Беті қайтпас жолбарыс қой,
Демек бұл!
Әнмен бірге тізгінді тең басқарып,
Қажет болса жортады түн жастанып.
Еңбегімен елеңдетіп ел-жұртын,
Талантымен келе жатыр тас жарып.
Өнер десе құс ұшырмай басынан,
Қанат қақты сан қияға жас ұлан.
Сарыарқаның саф алтындай дәні мен
Сал Біржанның әнін бірге тасыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнші шофер өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Әнші шофер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әнші шофер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әнші шофер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері