Толқып отыр, жыр-жаным – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Толқып отыр, жыр-жаным» атты Марфуға Айтқожина жазған поэзия туралы өлең берілген.

Жастық шақтың бірге шерткен сырларын,
Қатар өскен түлегі едік, Құлжаның.
Хабар естіп өзің жайлы қайғылы,
Торығып та,
Толқып отыр, жыр-жаным…

Атажұртқа жайып ыстық құшақты,
(Талайлардың арманын тағдыр тұсапты).
Талантыңды тасқа жанып шыңдадың,
Содан болар, жаздың қанша кітапты.

Бұл шақтары көкіректе уайым көп,
Жұрттан оны жасыратын жайым жоқ.
Елі үшін еңіреген хас батыр,
Романыңа арқау болды Райымбек.

Махаббатын, арнаған саған бар күшін,
Сүйген жарың, күйзеліп отыр Сарқытың.
Қош айтысты мынау жарық жалғанмен,
Қаламгер ер,
Тебіренген халқы үшін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері