Құдағилар жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Құдағижан атандым құрмет көріп,
Көңіл, шіркін, шалқыды дүрмекке еніп.
Ағытайық өлеңнің тамашасын,
көкейімнен ұшыр деп тұр кептеліп,
Бақыт жырын құйды үнім,
думан толы үй бүгін.
Айналайын құдағи,
қымбат маған сыйлығың...
Жалғыз қаздай баламның жұбын бердің,
келер соның ұлы мен қызын көргім.
Отау тіккен әдемі шаңыраққа
сүйсіну бар қараса жүзінде елдің...
Алтын құсым, ақ гүлім;
арманым жоқ тап бүгін:
Қосағыңмен қоса aғap,
таусылмасын шаттығым...
Тағдыр, бізді бұл күйден мәңгі айырма
көтергізіп сыныңның қандайын да.
Ұл мен қыздың қызығы сөнбейтұғын;
жарқырасын жұлдыздай маңдайымда.
Өмір қандай тамаша,
жадырадық балаша.
Тіршіліктің қызығы,
таусылмашы санаса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдағилар жыры өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Құдағилар жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құдағилар жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдағилар жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері