Теміржолшылар жыры – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Теміржолшылар жыры» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 3342
Шежірелі құлан жортқан құм-далам,
белес-белес белдерден қол бұлғаған.
Болат жолдар жер бауырлап төсіңде
Жер-ананың жүрек күйін тыңдаған.
Уақыт жүрдек поездар да тым жүрдек,
таңды атырған екпінімен түнді үрлеп.
Желмен бірге құйындатқан составтар
доңғалақтан күй төгеді күмбірлеп.
Болат жолдар-тіршіліктің тамыры,
Болат жолдар - армандардың сағымы.
Зуылдаған болат жолдың бойында
тұлпарлардың басылмасын арыны.
Заула...
заула, тепловоздар, заулаңдар,
тоқтатпасын нөсер жаңбыр,
жауған қар.
Сағыныштың тасымалдап жүктерін,
қуаныштың дестелерің баулаңдар.
Болат жолдар — тіршіліктің ырғағы,
болат жолдар — шақырымдар сырлары.
Рельстердің тал бойында мәңгілік
тербетілсін болашақтың нұрлы әні...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері