Маңғыстаулық ағалар

Бұл бетте «Маңғыстаулық ағалар» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 625
(Тілеген Өрісбаевқа)

Мамықтай ақ көбігі ерінде ұйып
қалатын бал шұбатты келін құйып
отырса ,—
Маңғыстауда
Әз ағалар
сезінеді өзін патша, жерін — биік.
Демейді ауыл шалғай, атым — арық,
машина, самолеті жатыр ағып.
Керексе жылқыларын үйірінен
арқардай отырады атып алып,
Ағызып еңбегімен бұлақ қырдан,
зейнеттен несібені сұраттырған.
Сүйдіріп көкіректі сол самалға
даланың дархандығын мұрат қылған,
Келтірсе домбыраның құлақ күйін,
сұлу үн елестетіп бұлақ биін,
кеудені сұлу сазға толтырғанда
оларға дүние құны бір-ақ тиын!
Шұбатсыз жүрмейді,
емес шарапқұмар ...
байлығын тауыспайды санап бұлар.
Баптаған жүйрігінің бәйгесіне
«Волгаға» мініп келіп қарап тұрар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңғыстаулық ағалар өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Маңғыстаулық ағалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңғыстаулық ағалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңғыстаулық ағалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері