Өлең, жыр, ақындар

Д-ға арналған шумақтар

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 993
1
Атыңды қайтып жазармын,
Айтуға да жоқ шамам.
Жүректің тылсым азабын
Сол есім ғой қостаған, 
Ол сөзді мен өзгенің
Айтуына төзбедім.

2
Қақысы жоқ бір пенде
Қасиетімді қорларға,
Өзім тимей жүргенде
Өзге тиер жол бар ма?
Сенен мендей шын жұмақ
Кілтін іздер кім болмақ?

3
Әлі ешкімнің алдында
Бүккенім жоқ тіземді,
Асқақ жанға ол кінә –
Езге тоспан үзеңгі.
Басымды да имес ем,
Тағдыр өзі и десе!

4
Көзінше егер көп жаттың
Бұйырсаң - құл боп кетермін.
Махаббаттан өзге анттың
Бәрін талақ етермін.
Білсең болды, сәулешім,
Соның бәрі сен үшін.

5
Күлкіңді мен көріп ем –
Қызығындай жүректің.
Бұдан асқан әулием
Жоқ деп едім -
білмеппін,
Көзіңе жасың жарасқан
Аспан ғана таласқан.
Сол кешті бейғам серуен
Мың жылға бермес едім мен.

6
Көрдім, сәулем, ризамын,
Тұрғанда жасың сорғалап.
Көзіңнен сонда бір жалын
Жаныма түсті қорғалап.
Сендегі барлық қасиет
Бұйырған маған асыл ед...

7
Бас иіп бар жұрт тұрғанда
Орындалып арманым,
Осынау патша сыбаға
Бағыт деп аттай алмадым.
Бақытты көп боп таңдай ма,
Бітер ол дербес маңдайға!

8
Көркіңе теңеу сөз жетпес,
Қарадым, ойдан арылмай.
Есіңде бар ма, сол бір кеш,
Есіңде бар ма жарық ай...
Сол кешті бейғам серуен
Мың жылға бермес едім мен.

9
Сондай-ақ пақыр сиқыршың
Мұхаммедтің көрінен
Тапса тұмар бір тылсым
Ол дініне берілген,
Алтын, маржан тасқа сан
Айырбастамас ешқашан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Баллада

  • 0
  • 0

Қақпадан шығып үш батыр сап түзеп ұзап барады,
жалған-ай!
Үш сұлу үнсіз көз сүзіп, соңынан ұзақ қарады,
арман-ай!

Толық

Қазақтың бесік жыры

  • 0
  • 0

Ұйықта, ақ бөпем, бөбегім,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Бесігіңде өбемін
Деп тұр,лер көктен жарық ай,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар