Ақын – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ақын» атты Михаил Лермонтов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1046
Өнері күшті Рафаэль
Суретін сұлу қыздың бір
Жайнатып қолмен салды да:
Тербетіп өзін сол өнер,
Жығылды келіп алдына!
Ұзамай бірақ қайран от
Әлсіреп сөнді кеудеде.
Қойды құр шаршап, үндемей,
Есіне қайтып алған жоқ.
Ақын да: кенет ой келсе,
Ақтарып жанын жыр етер,
Қуатты үнмен сөйлесе,
Қауымның көңілін тебірентер.
Тауып бір рақат өлеңнен,
Алаңсыз тыныш отырып,
Жарылқап жанын жебеген –
Сендерді жырлар толқытып.
Кенет бір сол от суынар,
Жүректе арын әлсіреп,
Арбаған сағым қуылар!
Жадында ұзақ қалар тек
Жайнаған алғаш ұғымдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері