Орыс әуені – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Орыс әуені» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1197
1
Қиялымда жасап әлем басқа бір
Өзгеше бір тіршіліктің болмысын;
Дәнекерлеп, бірақ, күйттеп баста бір,
Оған есім бермегенім болды шын;
Қыс қаһары үскірді оқыс — босқа құр
Күлі ұшты ол мүскіннің сол үшін!..

2
Той дәмегөй алқақотан аяда
Жан бітіріп балалайкасымен жұртының
Қарапайым жыршы отырды саяда
Азат, аңсау күйге болмай бір тыным!..

3
Кенет асау дүлей дыбыс төгеді,
Сұлуға арнап, жүрегінің әні еді, —
Сол дыбыстан шек үзіліп оқыста,
Аяқталмай естілген ән әуелгі! —
Соңын ешкім бітіре алмас тек енді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері