Бабайқорған баурайында қорым бар – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бабайқорған баурайында қорым бар» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Бабайқорған баурайында қорым бар,
Сол зиратта парызым бар орындар.
Анам,әкем, әпкем жатыр бұл жерде,
Адамдар-ай сендер аман болыңдар.
Қара жолға бәлкім көзін тікті бел,
Жаназаға келер -ау деп күтті ме ел.
Мынау жеңгем, анау ағам, бауырым,
Қайран ауыл көшіп апты-ау түп -түгел.
Бабайқорған қыратында ардақтым,
Төмпешік боп жатыр маған жалғап мұң.
Шырт ұйқымнан оятатын жүрекке,
Түскенін-ай түскенін-ай салмақтың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері