Періште – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Періште» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1614
Періште жарым түнде қақты қанат,
Тамылжып баяу жыры көкке тарап;
Осынау әулие үнді тыңдай қалды
Ай, жұлдыз самсап, қалың бұлт анталап.
Жырлады ол, саялаған жаннат бағын,
Күнәсыз рухтардың пәк ләззаттарын,
Жырымен ұлы хақты мадақтады, -
Шүбәсыз салауатпен айтты бәрін.
Бар еді құшағында ару, жас жан,
Келеді aп фәни үшін мұң, зар басқан.
Жыр үні ұйып қалды сол жас жанға,
Сөзі жоқ тірлік сырмен жан ұласқан.
Сәби жан үміттеніп ғажап үннен,
Дүниеде азап шеккен қайғы-мұңмен,
Аспанның наз үніндей тебірентпей,
Қапалы жердің жыры жек көрінген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері