Қиялымдағы ықтырып әнді – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Қиялымдағы ықтырып әнді» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2343
Қиялымдағы ықтырып әнді,
Аспаным, сенде бұлт тұрып алды.
Алдымнан шыққан алай-түлейді
Қаламасам да - қалаймын енді.
Мұңайтып мәнің - мұздап жүрегім,
Тұрса да жаным сыздап, күлемін.
Сергелдең күннен сезімдер өлді,
Көрем бе бәрін өзімнен енді?
Онсыз да аз-ақ өмір сүремін,
Күн шықса мұңға көз ілдіремін.
Өзгерте берсін бәзбір гүл де өңін,
Азайтпа, бұлттар, жаздың күндерін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері