Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі

Бұл бетте «Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі» атты Михаил Лермонтов жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 892
Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі
Екі жақта жүріп өліп кетеді
Азаматы бола тұрып елінің
Ғұмыр-бақи қуғын көріп өтеді.
Бірақ, әке, сен ісіңді бітірдің,
армансызсың, дәтке қуат шүкір қыл.
Бақытыңды берсін құдай аңсаған,
Сен кім үшін азап тартсаң дәл соған.
Кешір, әке! Мен бе екенмін кінәлы,
Көкірегім құдай жаққан шыраны
Өшіруге ұмтылса жұрт қуанып?
Ол ойлары іске аспады — бұ да анық:
біз екеуміз жауықпадық күнә ғып,
бір тағдырдың құрбандығы болсақ та!
Кінәң бар ма, жоқ па сенің, мен сотқа
Жарамаймын, сені қауым соттаған.
Қауым кімдер? Не тілекші, не жауыз
адамдардың тобыры ол, жел-ауыз
жиынтығы өсек, ғайбат, даттаудың,
Не көлгірсіп өп-өтірік мақтаудың.
Рухы жоқ онда жұмақ, тамұқтың,
Жерді ұмыттың, жер де сені ұмытты,
Менен гөрі саған ерек қонды бақ
алдың ашық - мәңгілік қой ол, бірақ,
Өлшеуші жоқ бір тұңғиық ашылды;
Өкінішті ой шырмамай ма басыңды,
Өткенді ойлап көздің жасын көл еткен?
Қырсық кешіп, бақытынан дәме еткен,
Шынымен-ақ ұмыттың ба сен бәрін,
бір кезде үміт, арманыңның болғанын?
Осы ма еді біржолата сөнгенің?
Енді шын-ақ сүймейсің бе сен мені?
О, ендеше, жұмақ-аспан ақ-ала
Итшілеген өмірімнен садаға!
Көрмес-ақпын аспан барып қайта өмір,
Өйткені мен сүйе аламын әйтеуір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр қатал. Әке мен ұл екеуі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері