Бұл бетте «Күз» атты Михаил Лермонтов жазған табиғат туралы өлең берілген.
18.05.2022
0
0
1309
Далада жапырақ сарғайды,
Ұшады қалтылдап, мұңданып.
Тек шырша бір күйден аумайды,
Көк жасыл көркінде ырғалып.
Жартастың түбіне бара қап,
Жамылып жаздағы гүлдерді.
Жатуды қойыпты саялап,
Жер жыртқан дихан да күндегі.
Жыртқыш аң амалсыз асығып,
Пана жер іздейді айнала,
Тұрса да жүзін бұлт жасырып,
Төгеді жерге нұр ай ғана.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі