Жазира – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Жазира» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1420
Әні Сая Оразалинованікі

Алдыңда өмірдің жолдары,
сан қызық өзіне тартады.
Тағдырдың тізгінін қолдағы
Жебесін тілектің дарханы.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира — даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Орайтын жүректі жалынға,
тамсантар таңдайды шырыны —
солмасын армандар жаныңда,
сөнбесін махаббат дірілі.
Жазира... Жазира.. Жазира...
Жазира — даламның кеңдігі,
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Қараймыз қуанып, үмітпен,
жаралған өзің деп бар нұрдан.
Теңейміз биікпен, тұнықпен,
Асылым Азатым қалдырған.
Жазира... Жазира.. Жазира...
Жазира — даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері