Сен едің ғой – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сен едің ғой» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1429
Ауыл жаққа құстай ұшып асығам,
Көрсем деймін ақ қайыңдар қасынан.
Сен едің ғой ақ дидарың аңсатып,
Екі көзге көктен жұлдыз тасыған.
Ажарыңнан бір көргенде талдырған,
Нәр алушы ем жасап іштей жан құрбан.
Сен едің ғой құштар етіп құлшынтып,
Ең алғашқы ғашық отын жандырған.
Шақырады артта қалған гүл көктем,
Әсем кештер, айлы таңдар бірге өткен.
Сен едің ғой тал түбінде сайраған,
Таң мезгілде мен естіген бұлбұлым.
Есім шықса жасағанда қыз үгіт,
Қара көзің талмауратты сызылып.
Сен едің ғой, әлі де бір өзіңсің
Қызықтырып, жүрген маған қызығып.

1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері