«Ақ туым!» десең мейлің, жағына біл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте ««Ақ туым!» десең мейлің, жағына біл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 688
«Ақ туым!» десең мейлің, жағына біл,
Жайқалып өссін десең бағында гүл.
Өз тобыңа бір сіңіп алғаннан соң
Өз тобыңа боласың сен дағы піл.
Жағына білмегеннің күні қараң,
Намыстыға биліктің көңілі тараң.
Өнерліні ауызға алмай-ақ қой
Қалтасымен қадірлі бүгінгі адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері