Жұлдызым жоғары

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1136
Жүрекке құрық тастадым,
Жүйткігеніңмен жетем деп.
Асауға міне қашпадым,
Жастығым бекер өтер деп.
Көздердің талай тұнығын,
Шайқамай, шашпай сүйдім мен.
Уақыт салса құрығын,
Қоштасамын ғой бұл күнмен.
Күреске түстім көңілде,
Өмірде күрес бір ойым.
Өзімнен күшті өмірде,
Жандардың барын білейін.
Жүрдім де бұралаң жолдармен,
Шегіндім кейде бір адым.
Жүрегім аппақ болғанмен,
Оқпанға талай құладым.
Іңкәр ем бастан өлеңге,
Ізінде жүріп арманның.
Ақыным, ақыным дегенге,
Аңқылдап талай алдандым.
Аман сау қалдым ажалдан,
Пірім бар менің себебі.
Қамқорлығына өзі алған.
Қолтықтап музам келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдызым жоғары өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Жұлдызым жоғары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жұлдызым жоғары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдызым жоғары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері