Мелш етпей босағамнан басып өттің – Қази Данабев

Бұл бетте «Мелш етпей босағамнан басып өттің» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1022
Мелш етпей босағамнан басып өттің,
Сен кеттің,
Жоғал сен де қасірет-мұң.
Тұғырдан түспейтұғын тұйғын құсым,
Қасымда қалдың жырым,
Қасиеттім!
Өлеңім - жағадағы құба талсың,
Желпірсің,
Жапырағыңмен жұбатарсың.
Сен бәлкім, тарпаң болсам кешірерсің,
Сен бәлкім, өрлігімді ұнатарсың.
Сен - өлең,
Мен бір ақын ерге теңмін,
Мен сені бөбегімдей тербетермін.
Уа, өрлік, жан досымнан айырдың-ау,
Соны ойласам,
Жынданып мен кетемін.
Кейде бір күйетіндей отқа жаным,
Кешірім сұрауға да оқталамын.
Кейде безем бәрінен,
Сенен де жыр,
Жыр емес, сор болдың-ау деп қаламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері