Тағдыр – Қази Данабев

Бұл бетте «Тағдыр» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1152
О, тағдыр, сені ұғыну қиын маған,
Жастықта етек-жеңі жиылмаған.
Біреудің бақытысың – бұйырмаған,
Біреудің көз жасысың тиылмаған.
Мен мені сор демеймін жан біткенге,
Бақытқа санамас та барлық пенде.
Сен бірақ айтып тұрсың
"Ей, адамзат,
Өмірге келер болсаң, қалғып келме"


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері