Романс – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Романс» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 716
(Ойыңа мені ала гөр)

1
Майдан алаңына барғанда
Жалбарынар деп жалғанда
Ойыңа мені ала гөр.
Алданған сәтте досыңнан
Жүрегің қажып тірліктен –
Сәт болса жаның шошынған
Қашықта - көріп қасыңнан
Ойыңа мені ала гөр.

2
Көрсетіп қыздың қабірін,
Шертсе оның біреу зәбірін –
Түнгі алаудың қасында.
Жек көріп барып суынған
Елес боп естен қуылған
Қасіретін естіп, білсең де,
Жат жерде, жырақ жүрсең де
Ойыңа мені ала гөр.

3
Өткен бір күндер - мәңгі зар
Мазалап, бәлкім жаңғырар.
Айрылысудың азасы
Махаббат шері, назасы –
Ұйқыңның алса мазасын,
Қимастық сезім үшін де
Бір ғана сәттік түсіңде
Ойыңа мені ала гөр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері