Биік бестау, жасыл машук және лермонтов – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Биік бестау, жасыл машук және лермонтов» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2209
Бұлдырап аспан қалды алыс заңғар,
Қарсы алды самолеттен таныс таулар.
Кавказдың қақпасының қарауылы
Алдымда жатты қола арыстандар.
Бұлттардың шоқысына шығып арғы,
Көк торғын көлеңдейді шың мұнарлы.
Қиялды құндақтаған жұмбақ жиһан
Мөлтілдеп көз жасындай тұрып алды.
Бестаудың мәз болғандай қызығына,
Басқа тау құлдық ұрған құзырына.
Шаншылған көк төсіне қызыл тастар
Білмеймін найзағайдың сызығы ма?!
Шомылып кәрі Бестау шұғылаға,
Жатады бетін беріп құбылаға.
Тәкаппар тау біткенге түксиеді,
Келместей ешбірімен ымыраға...
Ну орман сыңсып екі иінінде,
Бестаудың жатыр Машук бүйірінде.
Арфаның шектеріндей діріл қағып,
Ұшады нәзік муза биігінде.
Бестаудың ойнаған бұлт қиянында
Ақынның отқа оралған қиялы ма?
Сусын ғып бұлт жаңбырын,
Бүршік жарып,
Жөке ағаш желбірейді үй алдында.
Қайнаған көкіректе шер мұхиттай,
Ақынын еске ала ма ел мұң тұтпай.
Тәкаппар ортадағы Бестау шыңы
Көрініп кетті маған Лермонтовтай.
Кең сермеп көк дауылдай ой қанатын,
Жиһанға өлеңімен жайған атын.
Бестау боп көз алдымда тұрып алды
От шашқан қара бұлттай қайран ақын.
* * *
Белгісіз бір көргенде жайың маған,
Білмеймін тағдыр несін дайындаған.
Домалап жалғыз тамшы жерге түсті,
Көзіңнен көк аспандай шайылмаған.
Болмады топта өзіңнен озатын жан,
Тиген жоқ тура барып сөз атылған,
Жасқанды қанша жанар жалт бұрылып,
Нар кескен найзағайдай көз отыңнан.
Білмедім тамшы жаста не жатқанын,
Сол жаспен тағдыр мерген нені атқанын.
Сен бірақ жыламадың,күлімдедің
Тілемей басқалардың жұбатқанын.
Сен болдың жеткізбеген жастағы арман,
Шоқтығын биік тұрды басқалардан.
Ұрланып саған жиі қарай берді,
Достарым қасымдағы тастап алған.
Жан сырын жүрсе де әркім ілкі ұқтырып
Еліктей шыға қаштың үркіп тұрып,
Барлығын өлтірдің-ау күндестіріп,
Барлығын өлтірдің-ау ынтықтырып.
* * *
Бораны қақсап безілдеп,
Қақпанын құрды қыс торып.
Оралшы маған өзің кеп,
Күздегі кеткен құс болып.
Айтатын саған сөзім көп,
Арамыз жатыр алыс тым.
Оралшы маған өзің кеп,
Ақ селі болып августың.
Жапырақ болып дірілдеп,
Жаз желі болып гуілдеп,
Оралшы гүл боп күлімдеп,
Оралшы жыр боп күбірлеп.
* * *
Қызыл күрең шарабынан ұйғырдың
Тостағанда толтыра бір құй, құбым!
Бұл шараптай көздің жасын жаудырып,
Бұл шараптай көздің жасын тыйды кім?!
Жұлдыздардай тас төбеге тізілген,
Бұл шарапты жасадың сен жүзімнен.
Қайнап шықты жиып бұл шарап,
Сенің көктем, сенің жаз бен күзіңнен.
Талды-ау –талай балдырғандай тал мүшең,
Айды ұйықтатып, қарсы алдың таңды сен,
Жазғы желдей саусағыңмен сипалап,
Жасыл бұлттай жүзімдерге жаудың сен.
Еңбегіңнен тарттың алға сый бүгін,
Сол еңбегің – күрең шарап! Құй,құрбым,
Жалын шарап шарпып өтсін жанымды
Қыздарының көздеріндей ұйғырдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биік бестау, жасыл машук және лермонтов өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Биік бестау, жасыл машук және лермонтов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биік бестау, жасыл машук және лермонтов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биік бестау, жасыл машук және лермонтов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері