Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 3057
Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп,
Сүйдім сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып төгіліп.
Сүйдім үнсіз қап-қараңғы аспандай,
Сүйдім тілсіз, қатып қалған тастардай.
Сүйдім бұлттай мең-зең болып сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім сені ұлын күткен анадай.
Ертелі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім сені толқын күткен жағадай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері