Астанада «Бәйтерек»

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тамаша «Бәйтерегі» Астананың,
Айшықты белгісі сол жас қаланың.
Жер шары жатыр сыйып дос құшаққа,
Аспалы бесігіндей жас баланың.
Сарыарқа қылаң етсе жаңа таңы,
Сиқырлап, еріксіз жалт қаратады.
Көрінер бата беріп жайылғандай
Мейірбан аналардың алақаны.
«Бәйтерек» – бәйге төрі өрісімнің,
Жүлдеге алуан түрлі жеміс ілдім.
Ұлтымның рухы бар,
Таңбасы бар
Болашақ бақытым мен жеңісімнің.
Гүл шоғын күн сәулесі өпкен жеңіл,
Не деген мырза мейір көркем өмір?!
Ертеңге қанат жайған сұлу терек,
Сәт ғажап саясында өскен көңіл.
Сыры бар халқым шеккен тер мен шердің,
Қасиетті қазығы осы ел мен жердің.
«Бәйтерек» – бойтұмары Астананың,
Тірегі үміт артып сенгендердің.
Достарым отырғандай гүл ішінде,
«Бәйтерек» көрініс көп түр-түсінде.
Көремін күндіз оны Төлегендей,
Таңдантар Қыз Жібектей түн ішінде.
Таңырқап қарай берем нұрлы асылға,
Армандас болып кетті сырласым да.
Жүректі жыр оятса
Шабыт қозғар
Сұлудай біздің көше тұр басында.
Атағы аңыз болар жер мен көкке,
Мол екен шапағаты берер көпке.
Қызығып тереземнен қарап тұрмын,
Ғашықтар, «Бәйтеректі» көрмей өтпе.

17.02.2003.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанада «Бәйтерек» өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Астанада «Бәйтерек» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Астанада «Бәйтерек» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанада «Бәйтерек» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері