Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1164
Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін,
Бір қарап қал, қызық сурет көресің.
Еміп жатқан елестейді ақ бота
Ақша бұлттар арасында енесін.
Тірі құбылыс бұлт шөккен тау мұнары,
Ғаламатқа қанады адам құмары.
Буырқанды «Ақ бура» тау сілкініп,
Кө
шке
н бұлттар кете барды желбіреп,
Қала берді көгілдір тау мөлдіреп.
Кербез Көкше көк шымылдық жамылды,
Анасымен қоштасқандай елжіреп.
Жалғастырып табиғат пен адамды,
Сан толғаныс тербетеді санаңды.
Ақ шудаға қарай бердім мен­дағы,
Бұлт ішінен көргендей өз анамды.
Қол жеткізбей аспандағы сыңары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері