Өмірсіз ғашық

Бұл бетте «Өмірсіз ғашық» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2768
(Айбасұлы Бірмұхамбетке арнадым)

Құмар боп қоймай,
Сүюге тоймай,
Бал шарап десем сөзінде,
Қапаста тоты...
Махаббат оты
Жанады десем көзінде;
Жайнаған көзі шоқ екен,
Жүрекке атқан оқ екен.
Көрінді өзі,
Лебізі, сөзі
Ұжмақтың шарап суындай.
Сүйген соң тілдің
Дәмін мен білдім:
Жыланның зәһәр уындай.
Ернінен маған сүйдірді,
Уына бірақ күйдірді.
Ғашыққа нандың,
Өрт болып жандың,
Сұм жүрек, енді қойсайшы!
Аққуды құштың,—
Сұңқар боп ұштың,
Қу көңіл, енді тойсайшы!
Өмірсіз жарды сынарсың,
Енді, бәлем, тынарсың.

1919 жыл, қазан, Арқа, Сарысу


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірсіз ғашық өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Өмірсіз ғашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірсіз ғашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірсіз ғашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері