Бұл бетте «Жүргіншілер мен иттер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешке таман қос жүргінші қосылып,
Келе жатты әңгіме айтып шешіліп.
Кенет шығып шарбақтан,
Шәуілдек ит абаланып шабынды,
Оған еріп екі-үшеуі тағы үрді,
Енді бірде елу ит кеп қосылды әр жақтан.
Бір жүргінші тас алғанда көтеріп,
Екіншісі деді: «Сабыр етелік.
Ит оныңды тыңдай ма?
Өршелене түсер қайта мұндайда;
Білем сырын олардың, еш елеңсіз жүр қайта».
Солай болды, елу қадам жүрмей-ақ,
Басылды иттер үрмей-ақ,
* * *
Ақырында үндері өшіп, тынды аяқ.
Күншіл иттің әдеті ғой басынан,
Әр нәрсеге үреді ол.
Көңіл бөлмей, өз жолыңмен жүре бер:
Біраз үріп басылар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі