Қазалы хат – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қазалы хат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5459
Ақсақалды қария
Оқышы деп берді хат.
Қандай қызыл сиямен
Жазылыпты жаманат.
Оқталсам да неше рет
Өлдіге аузым бармады,
Қара көзім жасаурап
Қайғы оты лаулады.
Нарттай жүзім құбылып,
Жүрегім кетті дірілдеп.
Үн шығармай ішімнен
Оқи бердім күбірлеп.
Хатта нендей хабар бар
Қояды төзбей шал сүрап.
«Ұлың аман, ақсақал!»—
Дедім даусым қалтырап.
Жалғыз өзім жүргенде
Қиял болып серігім.
Айтатындай бір сөзді
Күбірлейді ерінім.
1944


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазалы хат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қазалы хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазалы хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазалы хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері