Татулыққа кезің жоқ көніспеген – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Татулыққа кезің жоқ көніспеген» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.10.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Татулыққа кезің жоқ көніспеген,
Жан құпия... от сезім бөліскен ем.
Тәтті түстей өтеді еске түсіп,
Сәтті күндер махаббат өрістеген.
Жыр ма екенсің...
Сол күндер, ән бе екенсің?!
Нұр төгіліп, өмірді сәнді етесің.
Дос ниетпен махаббат өзің қидың
Қос жүректің аяулы ақ некесін.
Қазды қайтем аққулы көлде жүріп,
Жазды ұмыттым... сұлу күз өңдендіріп.
Соңғы деген, япырмау, сол екен ғой,
Құштарлыққа құнығып сөнген үміт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері