Экспромт – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Экспромт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Саусағың жүзiк салған əппақ қана,
Майысып шəй құясың баптап қана.
Тəңiрiм тал бойыңды шашпай-төкпей
Алтыннан құйған бiлем аптап қана!
Ажарың адамзаттан бөлек екен
Алдырмас аңызаққа, аптапқа да.
Түнегiң тiлегiңе көне қоймас,
Жүрегiм, алабөтен атқақтама.
Əр қимыл, қылығыңды əнге қосып
Жүрейiн жұрт алдында мақтап қана.
Соңыңа түсiп алып ойда жоқта
Сорыңа кезiкпегей батпақ қара…
Тап келгей таланыңа таңдағаның
Табаны таймайтұғын қатқақта да.
Табысса Ай мен Күндей екi жақсы –
Бесiкте тайдай тулап жатпақ бала.
Бал берiп, қаймақ берiп əке-шешең
Жүр екен сенi кiмге сақтап қана?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экспромт өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Экспромт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экспромт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Экспромт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері