Қаншайымға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қаншайымға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Қаншайымға
Махаббат деген майданның
Көзiндей көне көрiнген,
Шашыңнан, жаным, айналдым,
Төскейден төмен төгiлген!
Олай да жүршi, былай да,
Жай алсын көңiл Жəннаттан.
Мың да бiр алғыс Құдайға
Өзiңдей жанды жаратқан!
Көзiңдi салшы бiз жаққа,
Балқысын ерiп балша жан!
Жүрген бiр жерiң Ұжмақ та,
Отырған жерiң – Сəн салон!
Пəруана сынды Шайыр нақ,
Қайғыдан жаны қанжоса.
Көрген бiр көзде айып жоқ,
Жүректе сыздау болмаса...
Көрдiм де қандым көркiңе,
Құлдығым құрбан шашқа анау.
Ақынның өртi еркiнде,
Ақынның дертi басқалау...
Жарасын жанның жазайық,
Олай да былай жүрiп өт:
Сендей-ақ болсын ғажайып!
Сендей-ақ болсын құдiрет!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншайымға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қаншайымға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаншайымға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншайымға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері