Жарыссөз – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Жарыссөз» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1919
Зор қоғамның, не беделді Кеңестің,
Төрағасы емеспін.
Олай-былай барған кезде, әрине,
Мәшинемен алып жүрмес мені ешкім.

Жазу, сызу — маған қонған бақ, талап,
Дерсіз, бәлкім: «ал, не жаздың, мақтан-ақ».
Әттең, әкем халық жауы болмапты,
Жазар едім бір поэма... ақтап ап...

Қозы бақтым. Үйрек бақтым. Қаз бақтым.
Ғашық болдым — тарттым сонда аздап мұң.
Диссиденттік маған қайдан бұйырсын —
Үкіметке қарсы өлең жазбаппын.

Жаза қояр дерек таппай мүлде мен
Қиналамын. Жиналыста үндемен.
Алматыдан кетіп қалғам ертерек —
Желтоқсанда танысқам жоқ түрмемен.

Брежнев, асыл задам, құрметтім,
Сізді... және Қонаевты үлгі еттім.
Өкілімін ду қол соққан дүрмектің,
Мен — күріштің қасындағы күрмекпін.

Жиналыста көбеңсиді көңілім,
Маған назар аудармайды көп інім.
...Жарыссөзде айта салар ерлігі
Емге де жоқ, ай-хай, менің өмірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарыссөз өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Жарыссөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарыссөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарыссөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері