Іңгіл-ай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Іңгіл-ай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 880
Жамырасқан, жайнасқан
Жұлдызды аспан, айлы аспан,
Қызық-думан үй іші
Қыз-бозбала жайғасқан.
Ойынымыз – «Іңгіл-ай»,
Көңіліміз – гүлгүл-ай.
Ай сəулесін аулаған
Ақбоз үйдің түндігі-ай!
Сағынысқан, сарғайған
Жан-жүректі жалғайды əн,
Ай тамады аспаннан,
Бал тамады таңдайдан.
Ойынымыз – «Іңгіл-ай»,
Тұра бермес түн бұлай...
Мойыл көзді құрбым-ай,
Мойыныңды бұр былай...
Сыбырласқан, сырласқан,
Жымыңдасқан, мұңдасқан
Мұндай шақты, шіркін-ай,
Өткізбеді кім бастан?!
Ойынымыз – «Іңгіл-ай»,
Бері отыршы, жылжымай –
Құбылмалы екен ғой
Қыз мінезі, құрғыр-ай!
Өбектескен, өбіскен,
Көзін сүзген, көніскен
Сенің қайда Бекзатың?
Менің қайда Періштем?
Ойынымыз – «Іңгіл-ай»,
Бұла қыздың бұлбұлы-ай!
Мың күніне татиды-ау
Осы отырған бір күн-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңгіл-ай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Іңгіл-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңгіл-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңгіл-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері