Күлкі керек

Бұл бетте «Күлкі керек» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6073
Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, балам!
Күлкіменен көңілді ғой бұл ғалам.
Бөлмеу керек дүниеде күлкіні,
Сақтау керек аруды аман,
Гүлді аман!
Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, жарым!
Күлкі құнын білген емес енжарың.
Ойын арзан, күлкі қымбат өмірде —
Бір күлкінің тұрады өзі мың жарым!
Күлкі керек,
Күлкі керек,
Күл, анам!
Күлкі барда келін аман,
Бала аман.
Әжім толған жиегі мен көзіңнің,
Езуіңнен күлкі көрсем — қуанам!
Күлмеген күн — мен адамның қорымын
Өзімнің де,
Өзгенің де сорымын.
Күлкіден мен босатпаймын көзімді,
Босатсам-ақ,
Мұң басады орынын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлкі керек өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Күлкі керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлкі керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлкі керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері