Босаға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Босаға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Мен жыласам,
Қуанып досым күлер.
Жан таппадым көңілдің хошын білер.
«Үндеместе жатыр, – деп, – үйдей пəле»
Жауым да жоқ сыртымнан шошып жүрер.
Кез келген жан іркілмей ішіме енер
Аужайымды, ағайын, түсіне бер.
Жақұтындай жүзіктің мың құбылған
Жалықтырды түлкі өмір, мысық «өнер».
Айналайын, киелі Ақ босаға,
Қашан кірер жақынға ес,
Жатқа сана?
Төрге озатын немелер сені елемей,
Ойнап жүріп бір күні от баса ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Босаға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Босаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Босаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Босаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері