Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 843
Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған,
Жылдарға жете алмадым жылдамдаған.
Соңынан қу түлкінің қуамын деп
Несіне құла дүзде құрбан болам?
Бүгінде Тазы қайда?
Түлкі қайда?
Заманның,
Адамның да құлқы майда.
Қашқанды, қуғанды да құтқармайтын
Тазыңыз жел қанатты жылқыдай ма?
Жылқысыз бұл қазаққа ұйқы қайда,
Өңгесі – өнбес қиял, қиқым ой ма?
Тазының баптағаны – төрт аяғы,
Түлкінің оққағары – сиқыр, айла.
Сиқырға сеніп келдік,
Айлаға да.
Сенбесек сергек көңіл жайлана ма.
Шіркін-ай, бір жүйрікке мініп алып
Кəнеки, тартып кетсең айдалаға!..
Шығарып қансорпасын сол күліктің,
Ішіне еніп кетсем мəңгіліктің…
Жан даусы жапандағы жарықтықтың
Жадында қайталанса Жаңғырықтың!
…Тазы ертіп,
Жүйрік мінген шағым қайда?
Зар болып қалдым ба, əлде, Қарымбайға?
Алдыңа қарай жүрші, ей, қарағым,
Көзіңе Түлкі – заман шалынбай ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен Тазы бола алмадым жылмаңдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері