Түн. Қара қыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн. Қара қыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1002
Жылап жүрiп тереземдi жуған Күз,
Бу мен бұлтқа айналармыз судан бiз…
Сенi қайдам,
Қайғы кешсе қайтпекпiн
Қара түннiң құрсағынан туған Қыз?
Терезеден қараңдайды қала анау,
Мүмкiн бе оған мұңды көзбен қарамау?
Мендегi арман –
Қара түндi жамылған
Қара қыздың ақ əлемiн аралау.
Беу, Қара Қыз!
Тысы қара, iшi əппақ,,
Көлеңдейсiң көлеңкеме ұсап қап.
Қара түнде қыз қайнаған денеңдi
Бауырыма басар ма едiм құшақтап!..
Əлемiңдi ашар ма едiм үр жаңа,
Құшағыңа құлдық ұрып бiржола!
Қарағым-ай, қара көздi талдырып
Қала жаққа қарамашы мұңдана.
Қала-қаншық,
Дала-таңсық,
Сен-мұңлық.
Көк жүзiнде көшiп жүрген мен – бiр бұлт.
Көлгiрсiген дүниенiң көзiне
Неге сонша өлiп-өшiп телмiрдiк?!
Тiршiлiктiң кiрпiгiне iлiнген
Айналайын, түнге айналған түрiңнен!
Саусағыммен сипасам-ау шашыңды
Көбелектiң қанатындай дiрiлмен…
Сен шошынба!
Елiктейiн үркiнбе!
Есiңдi жи,
Еркiме көн, iркiлме.
Таң атқанша құшағыңда талықсып,
Мен де айналып кетейiншi бұл түнге!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн. Қара қыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түн. Қара қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн. Қара қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн. Қара қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері