Жамылып жаздың неше мақпал түнiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жамылып жаздың неше мақпал түнiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Жамылып жаздың неше мақпал түнiн,
Жан едiм сұлулардың тапқан тiлiн.
Алдымнан əрлi-берлi өткен сайын
Көзiме түсе бердi-ау ақ балтырың.
Көзiме түскен сайын үр жамалың,
Бiр тоңып,
Бiр ысимын,
Бiр жанамын.
Қалайын басым зеңiп бəңгiдейiн,
Ырқымды ықыласыңмен ырзалағын.
Елiктей екi көзiң елең қағып
Алдымнан өте бердiң, төрем нағып?
Ешкiмге залалым жоқ жүрген жан ем,
Алаңсыз əн асырап, өлең бағып.
Көзiме түсе бердiң неге менiң,
Қырмызы қызыл қанат көбелегiм?
Жаныңа жарық iздеп келген сəтте
Шарпылсаң жалыныма, көрер едiң?!
Қайтесiң көзiме көп түсе берiп,
Жүрсеңшi мəз күнiңдi мiсе көрiп.
Жүрегiм-жолбарысым оянар да
Қаларсың қас қағымда мүшеленiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамылып жаздың неше мақпал түнiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жамылып жаздың неше мақпал түнiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамылып жаздың неше мақпал түнiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамылып жаздың неше мақпал түнiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері