Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы,
Қайта-қайта мас қылдың, қарап, менi.
Ұшып шыққан ұядан қарлығаштай
Қасың, қалқам, қағылған қанат па едi?
Көз шараңнан мас болдым шарап ұрттап,
Көңiл шiркiн мұндайда алабұртпақ.
Жай таппады-ау жүрегiм, жай таппады-ау,
Кеудемдегi қамалға қамалып қап.
Қайран жүрек, шыға алмай қамалынан,
Шарасыздан ұрттаймын шарабыңнан.
Қалай ғана көз жазып қаламын мен
Жаутаңдаған жанары қарағымнан?
Шəркез екен шарабың, кiнə қойма,
Тарап жатыр шымырлап тұла бойға.
Өз-өзiңмен алысып отырсың-ау,
«Не болған – деп iшiңнен, – бұл ағайға?»
Көз шараңнан мас болдым шарап iшiп,
Тұла бойым, содан ба, барады ысып.
Туған айды жүзiңнен көрiп тұрып
Тырналайды iшiмдi қара күшiк...
Көргенiмнен жақсы едi-ау көрмегенiм,
Қос жанарым шым батты көлге менiң.
Ұшқынынан көзiңнiң ұрттайыншы,
Басылар ма, кiм бiлсiн, шөлдегенiм?..
Көзiң екен мөп-мөлдiр көл дегенiм,
Бұрын-соңды қалайша көрмегемiн?
Сұлулардың көзiнен «кесел» тауып,
Сұлулардың өзiмен емделемiн.
Ұрттайыншы шараптан кесеңдегi,
Болар ма екен бiрмезгiл кеселге емi?
Асқынып-ақ ауруым кеткен екен,
Кеш емдедi, қайтейiн, кеш емдедi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері