Табылар ма тағдырдан тілегенім? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Табылар ма тағдырдан тілегенім?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 943
Табылар ма тағдырдан тілегенім?
Тəңірім-ау, кім жазар жүрек емін?
Қармап жүріп қайғыны құшамын да,
Таңдап жүріп тақырға гүл егемін.
Осы ма еді ендігі жетпегені? –
Шер жетелеп барады шетке мені.
Күздің күйкі күйіне күмп беремін,
Күтіп жүріп жыл бойы көктемені.
...Таудан түсіп келеді тұман бері.
Көңіл шіркін онсыз да күмəнді еді.
Елес қуып кетейін ел жағалап..,
Қу дүние, қуыстан шығар мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табылар ма тағдырдан тілегенім? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Табылар ма тағдырдан тілегенім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табылар ма тағдырдан тілегенім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табылар ма тағдырдан тілегенім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері