Ериді қашан қар мына қалың? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ериді қашан қар мына қалың?» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Ериді қашан қар мына қалың?
Елеусіз,
Елсіз қалды ма бағым?..
Сағындым салқын сабатын қырдың,
Сағындым бақтың балғын ажарын.
Жариды қашан көңілім жазға?
Білмеймін, көп пе,
Өмірім аз ба...
Өткеннің қайтып
Келмесін айтып,
Кеудемнің шерін, қоңыр үн, қозға!
Қоңыр үн,
Қобыз сарыны ма едің?
Жадырар ма екен жабығулы өңім:
Сауытын шешші,
Қызыл жел, қыстың,
Сарқылар болды сабырым менің!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ериді қашан қар мына қалың? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ериді қашан қар мына қалың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ериді қашан қар мына қалың? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ериді қашан қар мына қалың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері