Əуелеп ұшқан алты қаз… – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əуелеп ұшқан алты қаз…» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3949
Өрмектің жүзін аудардым,
Өрмектің жүзін…
Көзімнен ұшты көктем, жаз,
Төрлетті күзім,
Əуелеп ұшты алты қаз,
Əуені мұңлы,
Əлдиін айтып тентегін тербетті қызым.
Шақырмай келген Қонағым татардан жаман,
«Шаршадым, – дейді, – шалдығып», –
Отарбам маған.
Халімді қайтсін, құдай-ау, қарашадағы
Жанымды жалмап,
Қанымды қотарған заман.
Əуелеп ұшқан алты қаз,
Қайда беттедің?
Көзіңнен бал-бұл ұшты ма Лəйлə-Көктемің?
Өмір дегенің осы да –
Өлшемді сəтте
Ойға кеткенің белгісіз, сайға кеткенің…
Əуелеп ұшқан алты қаз –
Алты мұңлығым.
Самарқау күздің сездің-ау салқынын бүгін.
Өзім де төрден қуа алмай жайсыз Қонақты,
Өзім де өрге шыға алмай… алқынулымын.
Əуелеп ұшқан алты қаз…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əуелеп ұшқан алты қаз… өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əуелеп ұшқан алты қаз… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əуелеп ұшқан алты қаз… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əуелеп ұшқан алты қаз… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері