Жалыныңменен ысытпай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жалыныңменен ысытпай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Жалыныңменен ысытпай,
Жастығымды ұрлап жырымдап,
Жанымда менiң мысықтай
Жатырсың ұйықтап пырылдап.
Сеземiн, сенде жоқ алаң,
Сеземiн, сенде жоқ қайғы.
Ал менiң көңлiм зобалаң
Əлдекiмдердi жоқтайды...
Жанарым жұмық жатқанмен,
Көңiлдiң көлпар көлi – сел.
Көзайым көктем, ақ таңмен
Көзояу жатып көрiсем.
...Салбауыр бұлтын сақтап күз,
Сарғайған шақта бар алап,
Ақ көйлек киген аппақ қыз
Ақ тұман iшiн аралап,
Адасып жүрген сыңайлы
Көз жазып күннiң көшiнен.
...Сүмбiле жұлдыз құлайды
Сұңғыла көктiң төсiнен.
Қай жаққа барып оралдың,
Көңiлiм менiң пендегөй?
Əппақ қыз, қайда жоғалдың,
Жамылған жiбек желбегей?..
Жұлдыз ба,
Қыз ба?..
Түн iшi
көгiлжiм көктен түскен кiм?
Тарылды-ау жүрек тынысы,
Өңiм бе?
Əлде... түс көрдiм?
...Жалыныңменен ысытпай,
Жастығымды ұрлап жырымдап,
Жанымда менiң мысықтай
Жатырсың ұйықтап пырылдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалыныңменен ысытпай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жалыныңменен ысытпай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалыныңменен ысытпай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалыныңменен ысытпай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері