Мінбегер – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мінбегер» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Ер үстінде не демейді бұл көңіл!
Жер бетінде жекірмейді кімге кім?
Талайлардың кеудесіне жел үрген
Ерден кемі жоқ екен ғой мінбенің.
Көкіректі керіп тұрған сол желді,
Кеңірдекке келіп тұрған сол желді
Отыз тістің ар жағынан армансыз
Ағыл-тегіл ақтаратын кез келді.
Аузын буған қаптай едік кеше біз,
Бар болсақ та жоқтай едік кеше біз.
Ерге лайық берілмепті-ау еншіміз,
Елге лайық бөлінбепті-ау есеміз.
Ішімізді кеткен екен жел кернеп,
Желімізді етейікші енді ермек:
Мінберлерге шығайықшы «Мен, мен!» деп,
Мінберлерден түсейікші кердеңдеп!
Ал, ақтарыл, тіл мен көмей, ақтарыл!
Мінбеге шық –
«Ерге» қонжи,
«Атқа» мін!
Қайда əлгі... ақиқатың, ақпарың?
Қайда əлгі... қара пəпкің қап-қалың?
Аттан артық зат екен ғой мінбеңіз,
Ол жоқ жердің маңайынан жүрмеңіз!
Сандуғаштай сайраймыз-ау, сайраймыз
Мінбелерге шығып алып күнде біз.
Сөз оғынан талай қазақ жайрамақ!
Бұлтартпасыз бұл – ақиқат айдан ақ!
...Пайғамбардың Бұрағы да пырағы –
Қадіріңнен айналайын, қайран, Ат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінбегер өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мінбегер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінбегер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінбегер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері