Құс – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құс» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 703
Өлгеннен соң мың сұңқылда, мың қайғыр,
Енді қайтып тумайды ғой мұндай жыр:
Қыстыгүні қауырсыны түлеген
Құстың үнін құба таңнан тыңдай жүр.
Сөйлейтұғын жер бетінде жоқ тілмен
Қанаттыға кім қызықпас көк тілген?!
Түс болмасам –
Жүрмес пе едім өңіңде,
Құс болмасам –
Қай жаққа ұшып кеттім мен?
Ары аунасам –
Қабырғама сол жақ тар,
Бері аунасам –
Омыртқама оң жақ тар.
Қам-қаперсіз қайманадан не қайыр
Бір жоқтаса, түбі, мені сол жоқтар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Құс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері