Бұйығып – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бұйығып» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1104
Бұйығып,
Бұлт ішінде ұйыған Ай...
Кенеттен мына күннің суығаны-ай.
Сарғайып үлгірмеген жапырақтың
Болмақшы сары аязда күйі қалай?
Көзіне қоңыр кеште шер құйылып,
Қарайды құла дүзге жол қиылып.
Ақ қарды əзер-əзер көтеріп тұр
Жас қайың,
Жапырағы жерге иіліп.
Аулада шуақтайтын шеше, бала
Жып-жылы емес пе еді кеше ғана?
Адамның алақолдау көңіліндей
Тау ала,
Дала да ала,
Көше де ала...
Арасын жалғайтын түс жоқ болғасын,
Жарасым таба алмай тұр ақ пен жасыл.
Алдында кəрі қыстың жас келіндей
Иеді ақ жамылған бақтар басын.
Жазалап жасыл менен жезді бірге,
Қытымыр қыс қаһарын сездіруде.
Қалғанша қар астында көктей солып,
Сарғайған жақсы екен-ау мезгілінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұйығып өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бұйығып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұйығып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұйығып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері