Қаралы бойжеткен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қаралы бойжеткен» атты Исраил Сапарбай жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Өрте, мейлi,
Отқа сал.
Жандыр, мейлi,
Қапастағы қайғысын жан бiлмейдi!
Өз ойымен алысып, арпалысып,
Кей түндерi ұйқысын таңға iлмейдi.
Iшер едi (у болса) арманды езiп.
Бiр-ақ күнде бəрiнен болған безiп.
Қияметке кеткiсi келер кейде
Дала кезiп,
Тау кезiп,
Орман кезiп...
Жараспай жүр көңiлдiң қошы көппен,
Көктем ерте көгiнен көшiп өткен...
О, өмiр-ай, өмiр-ай, қасiрет пе ең,
Он сегiзге жеткiзбей жесiр еткен?!
Ата-анасы дəркүмəн ұқпай мұны,
Кiрпiгiнде мөлтiлдеп шықтай мұңы..,
Орамалдан үлбiрек мүлде бөлек
Орап алған басына шыт – қайғыны.
Таразының басындай ауытқыған
Қайғылы жан – өзiне қауiптi жан!
Отырмайды бүгiнде тойда шалқып,
Шақырмайды шадыман сауық-думан.
Сөгiлгелi көңiлi көбесiнен
Басылмай жүр дiрiлi денесiнен.
Кешкiлiкте жүредi көше кезiп
Кездескелi Жiгiттiң елесiмен.
Қанша сулап, жанарын құрғатты аспан...
Бойжеткенге көшеде «бұлғақ басқан»
Ермек үшiн, бақ сынап көрмек үшiн
Қырындайды қыл мойын қылжақбастар.
...Үзе жаздап күрмеуiн соңғы үмiттiң,
Қайтты үйiне бүгiн де болдырып тым.
Бақталаптың сөз айтқан бiреуi де
Тырнағына тұрмайды сол Жiгiттiң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаралы бойжеткен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қаралы бойжеткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаралы бойжеткен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаралы бойжеткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері