Ай сəулесі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ай сəулесі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Адыра қап адырлар атан кеуде,
Көкжиекке Күн байып батар демде.
Ақ төсекте өртенген арудайын
Ай сəулесі шомылып жатар көлде.
Сылқымын-ай, сұлудың суда ойнаған!
Бүлкілін-ай жүректің гүл жайнаған!
Табиғаттай айналдым суретшіден
Айдың бетін алтынмен шимайлаған!
Оңашаны жандай бір олқысынған
Желпінеді желемік оң тұсымнан.
Су бетінде ойнаған мың-сан теңге
Тоғжан қыздың аумайды-ау шолпысынан!
Осыншама ғажайып жарасымға
Қанасың ба қас қағым арасында?!
Қолды-аяққа тұрмайтын жас баладай
Қойып кеткің келеді қара суға!
Селк ете ғап секемшіл атырабы,
Тігісінен қара су қақырады!
...Əлімсақтың əуесек əуізінде
Ай сəулесі шомылып жатыр əлі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай сəулесі өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ай сəулесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай сəулесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай сəулесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері