Екі ауылдың арасы

Бұл бетте «Екі ауылдың арасы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1454
Жiгiт: – Арасын екi ауылдың алшақ делiк,
Не жетсiн көрiскенге аңсап келiп.
Үкiсiн үлбiретiп өзiң киген
Басылды-ау көзiме оттай кəмшат бөрiк.
ҚЫЗ: – Арасын екi ауылдың төбе делiк,
Жiгiттi сiзден бөлек елемедiк.
Елеңдеп екi көздi талдырғанша
Тұрмайсыз апта сайын неге келiп?
ЖIГIТ: – Апта емес, жүрер едiм күнде келiп,
Үйiңнен шығар болсаң бiрдеңе ғып,
Сыр ашпай,
Жөн сұрасам, бөгелесiң,
Ата-анаң жiбермекшi кiмге берiп?
ҚЫЗ: – Кiм сүймес қызылында қыз баланы,
Көңiлiңiз неден шошып сызданады?
Ата-анам
Əлпештеген ақ ботасын
Көлденең көкаттыдан қызғанады.
ЖIГIТ: – Арасы екi ауылдың алшақ делiк,
Жарасар кəмзолыңа кəмшат бөрiк.
Түндiгiн ақбоз үйдiң түрiп тастап
Жаныңа жантаяр ма ем шаршап келiп.
ҚЫЗ: – Арасы екi ауылдың қыр-беткейлi,
Кiм келiп бұл өмiрге, кiм кетпейдi.
Түзде өскен аңшы жiгiт ə дегеннен
Түлкiнiң алтайысын iндетпейдi.
ЖIГIТ: – Арасы екi ауылдың қыр-беткейлi,
Көркiңдi сипаттауға тiл жетпейдi.
Қаншама хордың қызы болсаң-дағы,
Басыңнан балғын дəурен күнде өтпейдi.
ҚЫЗ: – Байқаймын, үнiң жұмсақ, тiлiң майда ,
Келсе екен деп тұрсың-ау бiр ыңғайға.
Сөзiне сенемiн деп бозбаланың
Қыз байғұс қызыл шоққа ұрынбай ма?
ЖIГIТ: – Басыңа киген бөркiң құндыз ба едi?
Амалдап ақбоз үйге кiргiз менi.
Өсектен гу-гулеген қашам десең,
Төсектен таң алдында тұрғыз менi.
ҚЫЗ: – Жiгiттiң бiз бiлетiн көбi нашар,
Iлуде бiрi ғана көңiл ашар.
Кiремiн ақбоз үйге деп жүргенде
Жүрмесiн талап тастап Бөрiбасар?
ЖIГIТ: – Жаралған Ай нұрынан Ақбөпейiм,
Жiгiттiң, жақсы болсаң, тап көкейiн.
Iшiне ақбоз үйдiң кiргiзбесең,
Аулыма ат ылаулап ап кетейiн!
ҚЫЗ: – Арасы екi ауылдың келiм-кетiм,
Болады көз көрмесе, көңiл жетiм.
Аулыңа ат ылаулап апарғанда
Ажарлап кiм ашады келiн бетiн?
ЖIГIТ: – Қаз мойын, қасы-көзi қиылғаным,
Көрермiз, Алла жазса, бұйырғанын.
Жiгiтке нартəуекел бiр-ақ адым –
Арасы Онсегiз бен Жиырманың!
Көрермiз, Алла жазса, бұйырғанын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі ауылдың арасы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Екі ауылдың арасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі ауылдың арасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі ауылдың арасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері