Мүсінші – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мүсінші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 997
Сұлулық iздейсiң
қара балшықтан,
ұлылық iздейсiң
қара тастардан.
Мұңдарды қашайсың
жүректi қаңсытқан,
кеудеңде тулап-тулап кеп
туады шумақ-шумақ боп
дастандар.
Күлесiң,
Жанасың!
Жанасың
үмiттi көтерiп
арманды табасың.
Қап-қатты граниттерден
нәп-нәзiк гүлдердi
аршып аласың.
Тұрасың шаттанып,
мақтанып,
Өмiрге келтiрiп жырды асыл,
Өсiп шығады қолыңнан
қара тастарды қақ жарып
ерлiктiң көрiктей кеудесi,
ерлiктiң гажайып тұлғасы.
Таптырмас алмаздай
Iздейсiң адамның арманын
жүрекке үңiлiп.
Көтере алмастан
қайғының салмағын
сенiң қолыңда
металдар жылайды
тастар үгiлiп.
Шөлдейсiң шабытқа қаталап
iздейсiң шапағат.
Туады қолыңның астында
үлбiреп, елжiреп
алаңсыз балғын болашақ
шашын жел қаққан
ұяң Махаббат.
Еңбексiң
өнердiң жолында
өмiрдiң жолында.
Күс басқан қолдарын
күрек пен сүймен ұстаған
диханшы,
токарьдiң қолындай!
Бiлем мен
тұйыққа тiрелiп,
көтермей еңсеңдi,
қаншама қиналып,
қаншама теңселдiң.
Мойымай,
бәрiн де еңсердiң.
Өйткенi
жiберген жансың сен
соқа етiп
сұп-суық семсердi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүсінші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мүсінші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүсінші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүсінші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері