Өлең жазылмаған сәтте – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өлең жазылмаған сәтте» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Қағаз құрғақ
Бiр керемет қамалға
беттей алмай тұрған бейне адамдай
ойға батам,
ой да бiрақ құп-құрғақ.
Қару етiп алам қалам қолыма
сөз қауқары болмаған соң, амал не,
құрғап қалған қалам да!
Жұлып тастап үнсiздiктiң тiрегiн,
деп ойлап ем:
бiлегiмдi түремiн.
Селт етпедi, амалым не, бұған да
тулап шыға келетiн
тентек менiң жүрегiм.
Қамшылаймын өзiмдi
iсiм көп деп бiтпеген,
бұрмақ болам ойларымды өлеңнiң
бұрылыстарына күтпеген.
Ал санамда дәп қазiр
картадағы шөл-шөлейттiң орнындай
жалқын бояу,
ұсақ қара нүктелер.
Мүлде ендi ойсыздықтан жалықтым,
жалықтым мен, жабықтым...
Құрғап қалған,
шөлдеп қалған өлеңсiз
менiң жұмыс бөлмемде
сiлкiп ұрып нервiмнiң жiптерiн
сағаттардан
құп-құрғақ
секундтар тамып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең жазылмаған сәтте өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өлең жазылмаған сәтте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең жазылмаған сәтте өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең жазылмаған сәтте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері